Әр үйдің өзіндік бір иісі бар. Оны табалдырықтан аттаған сәтте бірден сезуге болады. Бұл иіс үй иелерінің қандай екенінен хабардар етеді. Сондықтан да үй тазалығына айрықша мән берген жөн. Үйден бір жағымсыз иіс шығады, бірақ сіз барлық жерді қарап шығып, иістеніп тұрған ештеңе таба алмадыңыз делік. Олай болса, иіс тұсқағаз, перде, кілем және жұмсақ жиһаздарға сіңіп қалған. Мұндай иіс көбіне ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген ескі үйлерден шығады. Сол себепті үйді жаңартуға тура келеді. Бірақ толықтай жөндеу жұмысын жүргізу оңай шаруа емес. Сондықтан алдымен төмендегідей тазарту әдісін пайдаланып көріңіз.